«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы  10 сәуірде  Павлодар облысының мектепке дейінгі ұйымдары мен жалпы орта білім беру мектептерінің мектепалды топтарының (сыныптарының) тәрбиеленушілеріне арналған  «Жауқазын» олимпиаданың облыстық кезеңі Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебінің базасында (Ш.Айманов көш., 37)  өткізіледі.

       Олимпиаданың негізгі мақсаты – интеллектуалдық қабілеті жоғары деңгейдегі, дарынды және талантты мектеп жасына дейінгі ересек  балаларды айқындау және қолдау көрсету болып табылады.

Олимпиаданың бағдарламасы:

9.00 – 9.30 – қатысушыларды тіркеу

10.00 – 11.00 – олимпиада

11.30 – қатысушылардың қайтуы.

Ескерту: Әр қатысушыда өзімен бірге бейдж (қатысушының аты-жөні, білім беру мекемесінің атауы, аудан/қала), қалам, түсті және қарапайым қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, су болу қажет.