Астана қаласында 2025 жылғы 16-21 наурыз аралығында 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша биология және физика пәндерінен республикалық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты: дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың теориялық білімдері мен практиқалық дағдыларын тереңдету, жеке тұлғаның өзің-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау. Сонымен қатар, олимпиада арқылы дарынды балаларды аңықтап, оларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау.
Білім додасы теориялық және практикалық турлардан тұрады және оған еліміздің әр өңірінен 323 оқушы қатысты.
Павлодар облысының намысын облыстық олимпиаданың 17 оқушысы қорғады, 10 медальге ие болды, оның ішінде 3 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Биология пәні бойынша алтын медаль иегерлері: Саматұлы Алимұхаммед және Қайркен Ерсұлтан, ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9, 10 сынып оқушылары (мұғалімі – Ж.К. Сансызбаев) және Титков Дмитрий, дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының 10 сынып оқушысы (мұғалімі – Б.Ж. Каирбаева).
Күміс медаль иегерлері: ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9 сынып оқушылары Билялов Нурали (биология, мұғалімі — Ж.К. Сансызбаев) және Қайырбек Исмаил (физика, мұғалімі — Дулатұлы Ерасыл); Перепелица Даниил, Рудик Иван дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 9, 10 сынып оқушылары (физика, мұғалімі – А.Н. Билида).
Қола медаль иегерлері: Инсебаева Фатима, қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы (биология, мұғалімі – А.Е. Садетова); Сагиденова Камила, дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы (физика, мұғалімі – А.Н. Захаров); Кабдуллов Нурали, дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы (физика, мұғалімі — Дулатұлы Ерасыл).
Құрмет грамотамен дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының 10 сынып оқушысы Мастобаев Никита; Шарбақты ауданының №3ЖОББМ 10 сынып оқушысы Хлобышева Дарья және дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Мальцев Григорий марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы