«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында республикалық физика-математикалық мектебінде 2025 жылғы 24-28 наурыз аралығында өткізілген 2-4 сынып оқушылары арасындағы «Бастау» XVІІІ республикалық математикалық олимпиадасына 25 қоманда құрамында 138 бала қатысты.

Павлодар өңірінен облыстық математикалық турнирінің жеңімпаздарынан құрылған екі команда қатысты: қазақ тілінде оқытылатын сыныптар арасында – Павлодар қ. №7, №25 және Мәшһүр Жүсіп атындағы орта мектептерінің оқушылары; орыс тілінде оқытылатын сыныптар арасында – Павлодар қ. «ДеТвоРа» білім беру кешені мен №39 орта мектебінің оқушылары.

Олимпиаданың жеке біріншілігінде ІІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар қ. «ДеТвоРа» білім беру кешенінің 2-сынып және 4-сынып оқушылары Путиков Артём мен Мухамедияров Абулхаир; Павлодар қ. №39 ЖОББМ 3-сынып оқушысы Хабылбеков Али Кахан марапатталды.

Командалық кезеңде І дәрежелі дипломды Павлодар қ. «ДеТвоРа» білім беру кешені мен №39 орта мектебінің оқушылары жеңіп алды.

«Дарын» РҒПО-ның ынталандыру грамотасы Павлодар қ. №25 ЖОББМ 3-сынып оқушысы Шайман Мерғалымға табысталды.

 

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО