Абай облысы Семей қаласында 2025 жылдың 26-28 наурызында химия және биология пәндерінен Жәкула Күшікұлы атындағы аймақтық олимпиадасына Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының, Семей және Өскемен қалаларының Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатысты.

       Павлодар облысын намысын қорғаған 15 оқушы – облыстық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, 15 медальға ие болды:  7 алтын, 7 күміс және 1 қола.

        Аймақтық олимпиада қорытындысы бойынша алтын медальдарына және   І дәрежелі дипломдарына дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 10,11 сынып оқушылары Бектұрсын Дария, Кабир Дания және Кравчук Ярослава (химия, мұғалімдері  Молокова И. Н., Колдашева О. В.); дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9,11 сынып оқушылары Билялов Нұрали және Қайркен Ерсұлтан (биология, мұғалімі Сансызбаев Ж. К.); дарынды балаларға арналған № 3 гимназияның 10 сынып оқушылары Титков Дмитрий және Мастобаев Никита (биология, мұғалімі Қайырбаева Б. Ж.) ие болды.

      Күміс медальдарымен II дәрежелі  дипломдарға дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9 сынып оқушылары Ершат Іңкәр, Шотбай Айзия, Инсебаева Фатима (химия, мұғалім Асқарова Г. А., биология мұғалімі Садетова А. Е.); дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9, 10 сынып оқушылары Саматұлы Әлімұхаммед және Ғабдулжағыпар Аңсар (биология, мұғалімі Сансызбаев Ж. К.); дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 9,11 сынып оқушылары Лим Василий және Темірғалиева Камила (химия, мұғалімі Молокова И. Н., Колдашева О. В.) иеленді.

       Қола медаль  және III дәрежелі диплом иегері- дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің   9 сынып оқушысы Кравчук Игорь (химия, мұғалім Молокова И. Н.).

Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ақшалай сертификаттармен марапаттады.

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы