Оқушылар арасында киберспорт дағдыларын дамыту мақсатында Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы, Ақпараттық технологиялар орталығы, Павлодар қаласы С. Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектеп базасында 2025 жылғы  28 наурызда 6-9 сынып оқушылар арасында «CyberDaryn» атты І облыстық турнирін өткізді.

Турнирдің мақсаты: оқушылар арасында киберспорт дағдыларын дамыту, жастар арасында ұжымдық жұмыспен салауатты бәсекелестікті насихаттау, киберспортты танымал ету.

Турнир «Brawl Stars» бағдарламасы бойынша екі жас санатында (6-7 сынып, 8-9 сынып) өткізілді. Турнирге облыс мектептерінен 76 оқушы 38 команда құрамында қатысты.

Турнирдің қорытындысы бойынша 12 оқушы жүлделі орынға ие болды. Оның ішінде І  дәрежелі дипломмен – 4 оқушы; ІІ   дәрежелі дипломмен –  4 оқушы; ІІІ   дәрежелі дипломмен – 4 оқушы марапатталды.

Жеңімпаздардың тізімі