«RoboLand-2025» мерейлі Х Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі 2025 жылғы 28-29 наурыз аралығында Қарағанды қаласында өтті. Шара ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Қарағанды облысының білім басқармасы. Фестивальға еліміздің барлық облыстарынан, сондай-ақ Болгария, Иран, Ресей, Азербайджан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 750 мектеп оқушылары 362 команда құрамында қатысты. Павлодар облысынан 16 команда ұсынылды. Фестиваль 17 санат бойынша өткізілді.
Фестиваль қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломдарымен және алтын медальдарымен «Теңге алу» санаты бойынша «JanaJol-1» командасы (Баянауыл ауданы М. Ж. Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары Хамза Төлебай, Марал Нұрислам, жетекшісі Аюпов Асқар Хамзаевич); ІІ дәрежелі дипломдарымен және күміс медальдарымен «Жұптық тенис» санаты бойынша «JanaJol-4» командасы (Баянауыл ауданы М.Ж. Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары Баян Қасиет, Баян Ислам, жетекшісі Аюпов Асқар Хамзаевич); ІІІ дәрежелі дипломдарымен және қола медальдарымен «Садақ ату» санаты бойынша «JanaJol-2» командасы (Баянауыл ауданы М.Ж. Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары Назымхан Ернар, Мұрат Нұрғиса, жетекшісі Аюпов Асқар Хамзаевич) және «Үлкен саяхат» санаты бойынша «Bayanaul_5» командасы (Баянауыл ауданы Шапық Шөкин атындағы №2 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Камен Бауыржан, жетекшісі Аюпов Данияр Хамзаевич) марапатталды.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы