Павлодар облысы білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы мамыр айында мектепке дейінгі ұйымдары және жалпы орта білім беру мектептерінің мектепалды топтарының (сыныптарының) тәрбиеленушілеріне арналған «Балауса» облыстық олимпиаданы өткізуін жоспарлайды.
Олимпиаданың негізгі мақсаты: мектеп жасына дейінгі баланың жан-жақты дамыу мен балаларды мектепке оқуға даярлауда мектепке дейінгі білім берудің рейтингін көтеру.
Олимпиада командалық біріншілік түрінде, екі кезеңде өткізіледі:
І кезең (аудандық/қалалық) — 2025 жылғы 16 сәуір;
ІІ кезең (облыстық) – 2025 жылғы мамыр айында.
2025 жылғы 9 сәуірге дейін «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО атына олимпиаданың аудандық/қалалық кезеңін өткізуге және академиялық адалдықты сақтауға жауапты қызметкер туралы ақпарат ұсыну қажет (қызметкердің аты-жөні, байланыс телефоны, e-mail).
Олимпиадаға аудандық, қалалық білім беру бөлімінен төрт тәрбиеленушісінен тұратын 1 команда қатысады. Қатысушылар «Жауқазын» олимпиадасының жеңімпазы болмауы тиіс (қатысушылардың жасы — 6 жас).
Өтінімді келесі үлгі бойынша 2025 жылғы 18 сәуірге дейін ertis_daryn_pvl@mail.ru поштаға жіберу қажет: