Орал қаласында 2025 жылғы 31 наурыз — 4 сәуір аралығында 9-11(12) сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға облыстық кезеңдердің 167 жеңімпазы мен жүлдегерлері қатысты. Білім додасы дарынды балаларға арналған С. Сейфуллин атындағы № 11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты: дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау. Сонымен қатар, олимпиада арқылы дарынды балаларды анықтап, оларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау.
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Хабидуллаева Аружан (мұғалімі — Г. К. Ахметова) қола медальге ие болды.
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Тулеу Назира грамотамен марапатталды.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы