Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 15 сәуірде жалпы  білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушылары арасында Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаевтың 100-жылдығына арналған «Еңселі Ерлер Ерлігі» атты облыстық эссе байқауының (бұдан әрі – Байқау) Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында өткізілетінін хабарлайды.

Облыстық кезеңге әр қала мен ауданнан және мамандандырылған мектептерден әр сынып бойынша 2 оқушыдан (1 — қазақ сыныбынан, 1 — орыс сыныбынан), яғни 6 оқушы қабылданады.

Эссе тақырыптары байқау үстінде беріледі. Эссенің сөз саны – 250, орындау уақыты – 90 минут.

Сұраныстарды ertis_daryn_pvl@mail.kz поштасына 2025 жылғы 11 сәуірге дейін келесі формада жіберу қажет:

Ережесі