Павлодар қаласының  № 35 жалпы орта білім беру мектебінде 2025 жылғы 10 сәуірде мектепке дейінгі ұйымдары мен жалпы орта білім беру мектептерінің мектепалды топтарының (сыныптарының) тәрбиеленушілеріне  арналған «Жауқазын»  облыстық  олимпиадасы өткізілді.

Олимпиада мақсаты: мектеп жасына дейінгі дарынды және талантты балаларды айқындау, қолдау, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру және жоғары денгейдегі интеллектуалдық жарыстарға дайындау.

Шараға өңіріміздің 97 ұйымынан 122 тәрбиеленуші қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша 61 қатысушы келесі нәтиже көрсетті:  І дәрежелі дипломға — 14 тәрбиеленуші ие болды, II дәрежелі дипломға  — 20, III дәрежелі дипломға — 27.

 «Алғыр балауса», «Ойшыл балдырған», «Зерек бүлдіршін» атты арнайы номинациялары  61 қатысушыға табысталды.

Хаттамасы

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша

білім беру оқу-әдістемелік орталығы