Қарағанды ​​қаласында 2025 жылғы 7-11 сәуір аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​ғылыми-зерттеу университетінде 9-11 сынып оқушылары арасында орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

            Олимпиадаға облыстық кезеңдердің 173 жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.

   Олимпиаданың негізгі мақсаты: дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау. Сонымен қатар, олимпиада арқылы дарынды балаларды анықтап, оларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау.

            Павлодар облысын намысын қорғаған 9 оқушы 5 медальға ие болды:  3 алтын, 1 күміс және 1 қола.

           Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша алтын медальдарына  және І дәрежелі дипломдарына «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 11, 10 сынып оқушылары Қайырбек Аяна (мұғалімі Куставлетова А.Б.), Ахмедиева Адия (мұғалімі Жанғазы Г.С.), және дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Зубчик Василиса (мұғалімі Осипенко А.М.) ие болды.

         Күміс медалімен және II дәрежелі  дипломға дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Бекбулатқызы Бинұр (мұғалімі Осипенко А.М.) иеленді.

Қола медаль  және III дәрежелі диплом иегері- дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 10 сынып оқушысы Жуспекова Алина (мұғалімі Жусупова М. У.).

           «Дарын» РҒПО-ның Құрмет грамотасымен облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11  сынып оқушысы Бондаренко Карина (мұғалімі Сурмий Т.М.) марапатталды.

 

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы