Астана қаласында 2025 жылғы 9-11 сәуір күндері Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының  базасында «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғараштық зерттеулер бойынша халыкаралық ғылыми конкурсы өткізілді.

Биылғы байкауға Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Ресейдің (Черкесск, Карачаевск, Теберда, Усть-Джегута), Өзбекстанның (Ташкент) және Қырғыстанның (Бішкек) калаларынан барлығы 116 оқушы қатысты.

          Конкурстың басты мақсаты — дарынды оқушыларды анықтау, дамыту  және қолдау, сондай-ақ олардың ғылыми-зерттеу кызметіне деген қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар, байқау ғарыш саласындағы отандық және халықаралық жетістіктерді насихаттауға, ғарыштық және ақпараттық бағытында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Павлодар облысын 4 жобамен 5 оқушы таныстырып 4 медальға ие болды:  3 алтын және 1 күміс.

         Халықаралық ғылыми конкурсының қорытындысы бойынша алтын медальдарына  және І дәрежелі дипломдарына Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының  9 сынып оқушылары Казтай Алижан мен Нуриденов Мансур (« Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу» секциясы; мұғалімі Атик Б.В.) және Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған            №1 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Башкатов Владислав («Биология және ғарыштық медицина» секциясы, мұғалімі Малахов С.Е.) ие болды.

             Күміс медалімен және II дәрежелі  дипломымен  дарынды балаларға  арналған № 3 гимназиясының 10 сынып оқушысы Абылкасова Дамира («Ғарыштық техника және инфракұрылым» секциясы, мұғалімі Брус Т.В.) марапатталды.

 

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы