Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаевтың 100-жылдығына арналған «Ер есімі – ел есінде» атты облыстық эссе байқауы 8-10 сынып оқушыларының арасында Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында өткізіледі (Ш. Айманов көшесі, 35).

Байқаудың мақсаттары: Махмет Қайырбаевтың өмір жолындағы ел мен жерді құрметтеу, аялау, қадіріне жету идеяларын жас ұрпақ бойында сіңіру; белгілі тұлғалардың істерін келешек ұрпаққа үлгі тұту, ел тарихымен сабақтастыра бүгінгі күн талаптарына сай сараптама жасай білу; қоғамның тарихи зердесін сақтау мен молайтуға және өз елінің мәдени мұрасына ұқыпты қарауға ықпал ететін патриотизмді қалыптастыру.

  Байқауың басталуы сағат: 10.00-де

 Қосымша ақпаратты келесі мекенжайдан алуға болады: Павлодар қ., Мәшһүр-Жүсіп көш., 189,  «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру орталығы, 87013914422.