«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Астана Дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды аңықтау және қолдау орталығы «Ecoforming» экология және білім беру қоры қоғамдық қорымен бірлесіп және «National Geographic Qazaqstan» журналының редакциясының қолдауымен 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен «Geo Star» Ұлттық олимпиадасын өткізетінін хабарлайды.
Олимпиаданың мақсаты — географиялық білімі мен дағдыларына, зерттеу белсенділігінің сапасына назар аудара отырып, оқушылардың пәнді тереңдетіп оқуға деген қызығушылыгын арттыру.
Олимпиада 2 кезеңнен тұрады:
I кезен — облыстык , өтетін уақыты 2025 жылдың 21 сәуірде;
II кезең – республикалық, 2025 жылдың 12-15 мамыр аралығында Астана қаласында өтеді.
Облыстык кезең 1 турдан, қазақ және орыс тілдерінде өтеді.
Республикалық кезең 2 турдан тұрады:
- Теориялық тур;
- Практикалық тур.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша
білім беру оқу-әдістемелік орталығы