«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО 2024-2025 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін (бұдан әрі – Олимпиада) ағымдағы жылы:
- 29 сәуірде — жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша 7-ші сыныптарға дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында (Шокин көшесі, 146); 8-ші сыныптарға облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының базасында (Катаев көшесі, 63);
- 30 сәуірде — қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша 7-ші сыныптарға дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты (Шокин көшесі, 146); 8-ші сыныптарға облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының базасында (Катаев көшесі, 63) өткізетінін хабарлайды.
Тіркеу уақыты: 9.00-9.30-ға дейін.
Басталуы: 10.00-де.