«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 14 сәуірде VІІ республикалық «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиада мақсаты: Абай мұраларын насихаттау арқылы оқушылардың ақын шығармаларын түсіну, пайымдау деңгейін дамыту, ұлы ғұламаның адамдық идеяларын, толық адам ілімін зерделеуге баулу.
Мемлекеттік тілде оқытылатын жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілген шараға 27 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша 10 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын – 3, ІІ орын – 3, ІІІ орын – 4.
9-сынып оқушыларының арасында І дәрежелі дипломмен – Шарбақты ауданы А. Құнанбаев атындағы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Жұмабекқызы Алина; ІІІ дәрежелі дипломмен – «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Ағзап Аружан марапатталды.
10-сынып оқушыларының арасында ІІ дәрежелі дипломға – облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Бейсенхан Толғанай; Павлодар қаласы №38 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Хуаныш Мұнара; ІІІ дәрежелі дипломға – Ақсу қаласы Қызылжар ЖОББМ 10-сынып оқушысы Маратқызы Нұрдана; Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Абдираимова Алтынай ие болды.
11-сынып оқушыларының арасында І дәрежелі дипломды – Павлодар қаласы Ә. Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Солтанмурат Айяулым; Ақтоғай ауданы Абай атындағы ЖОББМ 11-сынып оқушысы Жұмажан Назерке; ІІ дәрежелі дипломды – Май ауданы Ақжар ЖОББМ 11-сынып оқушысы Сейілғазы Мәрмәр; ІІІ дәрежелі дипломды – Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Сатенова Фарида иеленді.
Облыстық кезең жеңімпаздары республикалық конкурсқа қатысады.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы