«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Астана Дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды аңықтау және қолдау орталығы «Ecoforming» экология және білім беру қоры қоғамдық қорымен бірлесіп және «National Geographic Qazaqstan» журналының редакциясының қолдауымен 2025 жылғы 21 сәуір күні Павлодар қаласы М. Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің базасында (П. Васильев көшесі, 17/2) 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен «Geo Star» Ұлттық олимпиадасын өткізетінін хабарлайды.
Олимпиаданың мақсаты — географиялық білімі мен дағдыларына, зерттеу белсенділігінің сапасына назар аудара отырып, оқушылардың пәнді тереңдетіп оқуға деген қызығушылыгын арттыру.
Олимпиада бағдарламасы:
9.00 – қатысушыларды тіркеу,
10.00 – олимпиаданың басталуы.