Қызылорда қаласында 2025 жылғы 14 — 18 сәуір аралығында 9-11(12) сынып оқушылары арасында Қазақстан тарихы, құқық негіздері пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға облыстық кезеңдердің 185 жеңімпазы мен жүлдегерлері қатысты. Білім додасы С. Шаухаманов атындағы № 9 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатында өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты: дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау. Олимпиада қорытынды бойынша алтын медаль иегері Казкенов Ильяс, Павлодар қаласы № 29 жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы (құқық негіздері, мұғалім — Б. Д. Сапанов). Күміс медальге ие болған Хуттымбек Ерасыл, Май аудан Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы, мұғалімі – Н.О. Бакауова).
Құрмет грамотасымен Ақтоғай ауданы Қараоба жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Кабдуалиева Карима (Қазақстан тарихы, мұғалімі – М.А. Кисина), Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Закерия Мұртаза (құқық негіздері, мұғалімі – Ж.Т. Кәрімжан), облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Абишева Амина (құқық негіздері, Е.Е. Бознак) марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен және медальдарымен марапатталды және естелік сыйлықтар табысталды.


«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

