«Астана дарыны» дарынды балалармен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2025 жылғы 16-18 мамыр аралығында Астана қаласында «KERUEN SCIENCE» химия және биология пәндері бойынша 7-8 сынып оқушыларына арасында республикалық жасөспірімдер олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – химия, биология пәндерін тереңдетіп оқуға оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, олимпиадаларға дайындық жүйесін жоғары деңгейде жетілдіру, олимпиадалық резервті қалыптастыру.
Олимпиадаға республикамыздың 18 аймағынан химия пәні бойынша – 68, биология пәні бойынша – 66, жалпы 134 оқушы қатысты. Павлодар облысы 9 оқушыдан тұратын құрама командасын ұсынды.
Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар облысының оқушылары 7 медаль жеңіп алды, оның ішінде 1 алтын, 4 күміс және 2 қола. Құрмет грамотамен бір оқушы марапатталды.


«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

