Павлодар облысы білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 15 сәуірде жалпы білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушылары арасында Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаевтың 100-жылдығына арналған «Еңселі Ерлер Ерлігі» атты облыстық эссе байқауы Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында өткізілді. Облыс бойынша конкурсқа 8-10 сыныптардың 100 оқушы қатысты.
Оқушылар өз эсселерінде кейіпкердің өмірі мен қызметі және жетістіктері, сондай-ақ қазіргі қоғам үшін тарих пен маңыздылыққа қосқан үлесі туралы жазды.
І дәрежелі дипломымен — Май ауданы, Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Мұрат Инабат марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломына Павлодар қаласы, Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Бейсембай Жансая, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 9 сынып оқушысы Төлеубай Әлһам ие болды.
ІІІ дәрежелі дипломына Успен ауданы, А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Городова Беата, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Бейсенхан Толғанай, Ақтоғай ауданы, М.Қайырбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Бакибаева Дария иеленді.
Облыс әкімі А.К.Байханов 2025 жылғы 18 сәуір күні «Достық үйі» ғимаратында «Павлодарлықтың ұлы жеңіске қосқан үлесі: Кеңес одағының батыры Махмет Қайырбаевтың жауынгерлік жолы» республикалық ғылыми-практикалық конференцияның аясында облыстық эссе байқауының жеңімпазы мен жүлдегерлерін І орын-100 000 теңге, ІІ орын- 70 000 теңге, ІІІ орын – 50 000 теңге ақшалай сертификаттарын табыстады.



Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

