«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы жұмыс жоспарына сәйкес «Астана Дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды аңықтау және қолдау орталығы «Ecoforming» экология және білім беру қоры қоғамдық қорымен бірлесіп және «National Geographic Qazaqstan» журналының редакциясының қолдауымен 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен «Geo Star» Ұлттық олимпиадасын 2025 жылғы 21 сәуір күні Павлодар қаласы М. Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің базасында облыстық кезеңін өткізді.

Олимпиаданың мақсаты – географиялық білімі мен дағдыларына, зерттеу  белсенділігінің сапасына назар аудара отырып, оқушылардың пәнді тереңдетіп оқуға деген қызығушылыгын арттыру.

Олимпиадаға облысымыздың 3 қала, 14 мамандандырылған мектеп, 10 аудандарынан 7 сынып – 32, 8 сынып – 39, жалпы 71 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломдарына — 4, ІІ дәрежелі дипломдарына — 10, ІІІ дәрежелі дипломдарына — 17 оқушы ие болды.

Облыстық кезеңінің олимпиада жеңімпаздары 2025 жылғы 12-15 мамыр аралығында Астана қаласында өтетін Ұлттық олимпиадасына жолдама алды.

Хаттама

Жеңімпаздар жүлдегерлер тізімі

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы