Абай атындағы Республикалық мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты 2025 жылғы 23-24 сәуір аралығында Алматы қаласында VІІ республикалық «Абайтану» олимпиадасын өткізді.

Олимпиада мақсаты: Абай мұраларын насихаттау арқылы оқушылардың ақын шығармаларын түсіну, пайымдау деңгейін дамыту, ұлы ғұламаның адамдық идеяларын, толық адам ілімін зерделеуге баулу.

Мемлекеттік тілде оқытылатын жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген шараға 120 талантты бала қатысты.

Павлодар облысының намысын өңірлік кезеңнің келесі жеңімпаздары қорғады: Шарбақты ауданы А. Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Жұмабекқызы Алина; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Бейсенхан Толғанай; Ақтоғай ауданы Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Жұмажан Назерке.

Олимпиада қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломға Бейсенхан Толғанай ие болды; ІІІ дәрежелі дипломмен Жұмабекқызы Алина мен Жұмажан Назерке марапатталды.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы