«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 24 сәуірде республикалық «Ілияс Жансүгіров оқуларының» облыстық кезеңі өткізілді. Шараға жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінің 8-11 сыныптарынан 57 оқушы қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша 34 оқушы жүлделі орынға ие болды, оның ішінде: Бас жүлде – 4, І орын – 4, ІІ орын – 11, ІІІ орын – 15.
«Ілияс – эпик ақын» — шығарманы жалғастыру номинациясында (ақынның «Құлагер» поэмасынан үзінді жатқа оқу)
ІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар қаласы № 21 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Бауржанова Азиза, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Оразалы Нұрия; IІІ дәрежелі дипломмен – Ақсу қаласы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің 11-сынып оқушысы Талгатов Казбек және Май ауданы Көктөбе ЖОББМ 9-сынып оқушысы Мұрат Сәния марапатталды.
«Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» — жас ақындар номинациясында
Бас жүлдемен – Ақсу қаласы Ю.Гагарин атындағы ЖОББМ 10-сынып оқушысы Тиленш Еркебулан; I дәрежелі дипломмен – Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Баршинбаев Мейржан; ІІ дәрежелі дипломмен – дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 9-сынып оқушысы Сағидолла Мансур және «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Медіғат Кәусар; IІІ дәрежелі дипломмен – дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Айтжанов Адлет, Аққулы ауданы Б.Уахатов атындағы ЖОББМ 11-сынып оқушысы Мерғалым Ерхат, Екібастұз қаласы №5 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Слямғали Құндыз, Павлодар қаласы Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Жылқайдарова Сана марапатталды.
«Ілияс – қарасөз шебері» — көркемсөз оқу номинациясында
Бас жүлдемен – дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8-сынып оқушысы Сарсембаева Самира; I дәрежелі дипломмен – Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8-сынып оқушысы Ауелбек Ибраһим; ІІ дәрежелі дипломмен – Екібастұз қаласы №18 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Сергазина Сайяра, Май ауданы Малайсары ЖОББМ 8-сынып оқушысы Рахадыл Айару; IІІ дәрежелі дипломмен – Ақтоғай ауданы М.Қайырбаев атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Билялова Дильназ, Ертіс ауданы Қызылқақ ЖОББМ 8-сынып оқушысы Усина Жансұлу, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 8-сынып оқушысы Бастеми Алуа марапатталды.
«Сұлу сөздің сүлеі» — шығарманың көркемдік құрылысын талдау номинациясында
Бас жүлдемен – Екібастұз қаласы №25 қазақ қыздар гимназиясының 9-сынып оқушысы Тлеукен Сымбат; I дәрежелі дипломмен – «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Хасеин Нұрхан; ІІ дәрежелі дипломмен – Ақсу қаласы Абай атындағы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Амангелді Елдана, Шарбақты ауданы А.Құнанбаев атындағы ЖОББМ 10-сынып оқушысы Бауыржан Мөлдір, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Сатенова Фарида; IІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар қаласы № 25 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Рыспек Ділназ, Аққулы ауданы Б.Уахатов атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Сағдат Айзада, Ертіс ауданы Қарақұдық ЖОББМ 10-сынып оқушысы Жұматай Жансая марапатталды.
«Заманның заңғар тұлғасы» — буктрейлер номинациясында
Бас жүлдені – облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Алмасхан Ерасыл; I дәрежелі дипломмен – дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 7-сынып оқушысы Тұрлыбек Адина; ІІ дәрежелі дипломмен – дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 8-сынып оқушысы Ұзақбай Жансұлу, Аққулы ауданы Б.Уахатов атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Балгабаева Назерке; IІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар қаласы Ж.Тәшенев атындағы ЖОББМ 8-сынып оқушысы Балтабай Мағжан, Екібастұз қаласы Атығай ЖОББМ 8-сынып оқушысы Береке Қарагөз, Май ауданы Малайсары ЖОББМ 10-сынып оқушысы Солдат Меруерт марапатталды
Облыстық кезеңде «Бас жүлде» иегерлері республикалық байқауға жолдама алды.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы