«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша біліи беру оқу-әдістемелік орталығы ауылдық мектептер оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының IІ кезеңі 2025 жылғы 28-30 сәуір аралығында https://1000bala.elumiti.kz сайтында прокторинг сервис қызметін қолдана отырып оnline режимінде өтетінін хабарлайды. Өткізу уақыты: 09:00-ден 18:00-ге дейін  (қатысушылар ыңғайлы кез келген уақытта тапсыра алады)

Осыған орай, қосымшаға сәйкес аудан ауыл мектептері оқушыларының олимпиадаға қатысуын қамтамасыз етуіңізді сұраймыз.

Тест тапсыратын пәндер: математикалық сауаттылық, ағылшын тілі, қазақ/орыс тілі, жаратылыстану. Тестілеу 100 сұрақты қамтиды және 150 минут қарастырылған.