«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025 жылғы 28-30 сәуір аралығында Астана қаласында 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEсo» республикалық экологиялық жобалар конкурсын өткізді.
Конкурстың мақсаты: экологиялық мәселелерге қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Конкурсқа республикамыздың барлық аймақтарынан 111 қатысушы бақ сынасты. Павлодар облысынан 7 жобамен 9 оқушы қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша Павлодар облысының оқушылары 5 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде І орын – 4 және ІІІ орын – 1. Құрмет грамотамен екі оқушы марапатталды.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы