Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 29-30 мамыр аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.
Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін анықтау үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды анықтау болып табылады.
Олимпиада екі бағыт бойынша өткізілді: жаратылыстану-математикалық бағыт (математика, информатика, география, физика, химия, биология) және қоғамдық-гуманитарлық бағыт (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы).
Олимпиадаға облыстың 3 қала, 10 аудан және 14 мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 27 команда құрамында 463 оқушы қатысты, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша – 237 (7-сынып – 116, 8-сынып – 121), қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша – 226 (7-сынып – 115, 8-сынып – 111).
Олимпиада қорытындысы бойынша 196 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде І дәрежелі дипломына – 25, ІІ дәрежелі дипломына – 64, ІІІ дәрежелі дипломына – 107 қатысушы иеленді.
Екі бағыттағы пәндер бойынша облыстық олимпиаданың абсолюттық жеңімпаздары (әр сыныптан бір оқушы) ағымдағы жылдың 18-21 мамыр аралығында Астана қаласында өтетін республикалық олимпиадасына жолдама алды.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы