Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры тарапынан мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мақсатында Астана қаласында 2025 жылғы 1-2 мамырда республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өткізілді.

Олимпиада қазақ және өзге ұлт топтары арасында 5 бағыт бойынша ұйымдастырылған: «Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу); «Білгірлер бәйгесі» (мақал-мәтел, жұмбақ, ертегілер бойынша сайыс); «Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс); «Сөз шеберлері» (көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу); «Әнші-бұлбұлдар» (ән айту).

Павлодар облысынан республикалық шараға облыстық кезеңнің 7 жеңімпазы қатысты: Ақтоғай ауданы Ж. Тіленшін ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Ермуратова Альфинур; Екібастұз қ. №9 ЖОББМ 7-сынып оқушысы Ишкова Елизавета; дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 10-сынып оқушылары Жумабаева Адина мен Саидакрамова Малика; Павлодар қ. Ә. Бөкейхан ат. лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Солтанмурат Айяулым; Ертіс ауданы Ш.Уәлиханов атындағы ЖОББМ 7-сынып оқушысы Ирисвоев Ибрахим; Шарбақты ауданы А. Құнанбаев атындағы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Жұмабекқызы Алина.

Олимпиада қорытындысы бойынша «Сөз шеберлері» бағытында – Жұмабекқызы Алина (мұғалімі Серигхан А. С.) және «Білгірлер бәйгесі» бағытында – Жумабаева Адина (мұғалімі Дюсембаева Г.Б.) І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Павлодар қ. Ә. Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Солтанмурат Айяулымға (мұғалімі Жусупова Л.Б.) Петропавл қаласы М. Қозыбаев атындағы университетінің білім алу гранты табысталды.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы