«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 5 мамырда 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.
Сегіз пән бойынша жүргізілген зияткерлік жарысқа Павлодар облысының 278 оқушысы – қалалық, аудандық кезең жеңімпаздары қатысты.
Олимпиада қорытындысында жүлделі орынға 117 оқушы ие болды: І орын – 10; ІІ орын – 35, ІІІ орын – 72.
Облыстық кезең жеңімпаздары республикалық олимпиадаға қатысады.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы