Химия пәнінен оқушылардың халықаралық Менделеев олимпиадасы 2025 жылғы 5-13 мамыр аралығында Белу-Оризонте қаласында (Бразилия) өтті. Биыл олимпиадаға әлемнің 40 елінен келген оқушылар қатысты. Қазақстан Республикасына республикалық олимпиаданың 10 жеңімпаз оқушысы, оның ішінде дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Ярослава Кравчук қатысты.
Менделеев олимпиадасының қорытындысы бойынша Ярослава қола жүлдегер атанды (мұғалім — Оксана Владимировна Колдашева).