Павлодар облысының білім басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдарстыруымен Павлодар қаласының № 44 сәбилер бақшасында 2025 жылғы 13 мамыр күні мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға арналған «Балауса» олимпиадасы өткізілді.
«Балауса» олимпиадасы – бұл балалардың зияткерлік, физикалықпен шығармашылық қабілеттерін, және оларды шығармашылық ойлауды қажет ететін жаңа стандартты емес жағдайларда қолдану қабілетін анықтауға мүмкіндік беретін мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балаларға арналған жарыстың біріктірілген түрі.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – мектеп жасына дейінгі баланың жан-жақты дамуы мен балаларды мектепке оқуға даярлауда мектепке дейінгі білім берудің рейтингін көтеру.
Олимпиадаға төрт тәрбиеленушілерден тұратын мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының командалары (қатысушылардың жасы — 6 жас) қатысты. Шараға қатысқандардың жалпы саны облысымыздың білім беру ұйымдарынан 36 тәрбиеленуші болды.
Олимпиада қорытындысы бойынша 24 қатысушы келесі нәтижелерді көрсетті: І дәрежелі диплом иегерлері Май ауданы Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінің мектепалды сыныбының «BrickForce» командасы; ІІ дәрежелі дипломдарына Ертіс ауданы №3 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің мектепалды сыныбының «Капитошки» командасы және Павлодар қаласы №44 сәбилер бақшасының «Нұршуақ» командасы; ІІІ дәрежелі дипломдарын Баянауыл ауданы З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің мектепалды сыныбының «Жұлдыз» командасы; Успен ауданы А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің мектепалды сыныбының «Дружба» командасы; Тереңкөл ауданы «Айналайын» сәбилер үйінің «Умники» командасы ие болды.
Құрмет грамоталарымен Екібастұз қаласы №23 мектепке дейінгі гимназиясының «Кемеңгер» және Ақсу қаласының «Весёлые гении» құрама команда, Ақтоғай ауданы Қараоба жалпы орта білім беру мектебінің мектепалды сыныбының «Асықтар» командалары марапатталды.
Сондай-ақ, барлық қатысушыларға «Жер» балалалар энциклопедия мен «Балауса» олимпиадасына қатысқаны туралы сеотификат табысталды.


«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша
білім беру оқу-әдістемелік орталығы

