Тараз қаласында 2025 жылғы 11-14 мамыр аралағында алғаш рет физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Мұхтарбай Өтелбаев атындағы 7-8 сынып оқушыларына арналған математикадан республикалық «Ойлан тап» олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаттары: оқушылардың  математикаға деген қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын терендету.

Олимпиадаға еліміздің әр аймағынан (7 сыныптан 3 оқушы, 8 сыныптан        3 оқушы) жалпы 150 жас математиктер қатысты. Павлодар облысын 6 оқушы таныстырды.

Олимпиада қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломдарымен дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушылары Асланов Богдан мен Цой Али, 8 сынып оқушысы Мамжанова Томирис,  «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Ғаллам Әлішер; ІІІ дәрежелі дипломмен дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Бельгибаев Расул марапатталды.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша

білім беру  оқу-әдістемелік орталығы