«Robotek Grand Tournament» халықаралық чемпионаты 2025 жылғы 13 мамыр күні Астана қаласында өтті. Шара ұйымдастырушылары «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Астана Дарын» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы, «Robotek» робототехника мектебі.            Чемпионатқа еліміздің барлық облыстарынан, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Молдова, Болгария, АҚШ елдерінен 200-ден астам мектеп оқушылары қатысты.            Барлығы Қазақстан Республикасынан 200 қатысушы және шетелден 37 қатысушы қатысты.            Чемпионатта 7 санат бойынша Павлодар облысын 7 команда таныстырды:1.     «Роботек» (команда «J34» — Хамза Төлебай, Хамза Айару, Баянауыл ауданы  М.Ж.Көпейұлы атындағы ЖОББМ оқушылары); 2.      «Инверстік сызық бойымен жарыс»  (команда «Абай» — Қасымжан            Нұрғиса, Ашен Айнар Ертіс ауданы Абай  жалпы орта білім беру мектебінің  мектебінің оқушылары);

  1. «Жеткізуші робот» (команда «Runner» — Каирденов Рахат, Егеубай Рауан, Павлодар қаласы № 25 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары);
  2. «Мерген» (команда «J75» — Назымхан Ернар, Казтаев Казбек,  Баянауыл ауданы М.Ж.Көпеев ат. ЖОББ мектебінің оқушылары);
  3. «РобоБаскетбол» (команда «Bayanaul-1» Дүйсенбек Елдар, Баян Ислам, Баянауыл ауданы Ш.Шөкин атындағы ЖОББМ, М.Ж.Көпейұлы атындағы ЖОББМ мектептерінің оқушылары);
  4. «Туды жеткізу» (команда «Bayanaul-2» — Нұрлыбекұлы Аманжол, Асқар Еламан (Баянауыл ауданы З.Ақышев ат. ЖОББ мектебінің оқушылары);
  5. «Сұрыптаушы робот» (команда «PK-87» — Камен Бауыржан, Пәзіл Ақберен, (Баянауыл ауданы Ш.Шөкин атындағы , З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары).

         Чемпионат қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломдарымен және күміс медальдарымен «Абай» командасы – Қасымжан Нұрғиса, 7 сынып, Ашен Айнар, 5 сынып  Ертіс ауданы Абай ат. жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары иеленді. ІІІ дәрежелі дипломдарымен және қола медальдармен «Runner» команда —  Каирденов Рахат, Егеубай Рауан, 6 сынып  Павлодар қаласы  № 25 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары және  «J34» командасы — Хамза Төлебай, 4 сынып, Хамза Айару, 3 сынып, Баянауыл ауданы М.Ж.Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары иеленді.  Әр номинация бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

 

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы