«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025 жылғы 15 мамырда Павлодар қаласының №37 жалпы орта білім беру мектебінде 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасын өткізді.

Олимпиада келесі 8 пән бойынша өтті: математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытылатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытылатын сыныптардағы орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы.

Павлодар облысынан республикалық олимпиадаға өңірлік кезеңнің 11 жеңімпазы қатысып, келесі нәтиже көрсетті.

Математика пәнінен ІІ дәрежелі дипломға дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 5-сынып оқушысы Мерзявко Андрей ие болды (мұғалімі Стадникова Л.В.)

Қазақстан тарихы пәнінен ІІІ дәрежелі дипломды Қ. Сәтбаев ат. дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 6-сынып оқушысы Токтамысов Санжар иеленді (мұғалімі Идрисова И.Н.)

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ІІІ дәрежелі дипломды «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Сериков Аян иеленді  (мұғалімі Кабылова А.М.)

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен ІІ дәрежелі дипломға дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 6-сынып оқушысы Ақпан Танаис (мұғалімі Фрик Л.И.)

ІІІ дәрежелі дипломға Ақсу қ. мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы Сахилаева Малика ие болды (мұғалімі Белкина Е.В.)

Жаратылыстану пәнінен ІІІ дәрежелі дипломды Баянауыл ауданы Б. Хайдаров ат. ЖОББМ 5-сынып оқушысы Қара Айдабол иеленді (мұғалімі Жортуылова Н.А.)

Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәнінен ІІ дәрежелі дипломға Павлодар қ. №39 ЖОББМ 6-сынып оқушысы Казачков Давид ие болды (мұғалімі Сейтказина А.М.)

«Дарын» РҒПО-ның грамоталарымен Ақсу қ. №4 ЖОББМ 6-сынып оқушысы Филиппов Максим және дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 6-сынып оқушысы Азаматұлы Жан-Әли марапатталды.

 

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы