«Астана дарыны» дарынды балалармен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2025 жылғы 12-15 мамыр аралығында Астана қаласында география пәнінен 7-8 сынып оқушылары арасында «Geo Star» Ұлттық олимпиадасының республикалық кезеңін өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылар білімінің, дағдырлары мен географиялық зерттеулер белсенділігінің сапасына назар аудара отырып, пәнді тереңдетіп оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Олимпиадаға республикамыздың 18 аймағынан 72 оқушы қатысты. Павлодар облысы 4 оқушыдан тұратын құрама командасын ұсынды.
Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар облысының оқушылары 3 медаль жеңіп алды, оның ішінде 2 күміс және 1 қола. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сйылықтармен марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі

Оқушының аты — жөні (құжат бойынша) Сынып Мектебі Орын
1 Дитц Ратмир 8 Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі ІІ
2 Қыстаубайұлы Мұстафа 7 Павлодар ауданы Заря жалпы орта білім беру мектебі ІІ
3 Утеуов Алим 7 Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия ІІІ

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы