Сочи (Ресей) қаласында 2025 жылғы 10-17 мамыр аралығында Сириус білім беру орталығының базасында биология пәні бойынша Ашық халыкаралық олимпиадасы (Open International Biology Olympiad, OIBO) өтті.
14 елден жиналған жас биологтар теориялық, практикалық және биыл алғаш рет енгізілген жобалық (топтық ) үш кезеңде бақ сынады. Қазақстан құрама командасында 1 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алған Павлодар облысының оқушылары болды.
Алтын медальмен Қайркен Ерсұлтан, дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы (мұғалімі – Ж.К. Сансызбаев) марапатталды.
Күміс медальдарға Саматұлы Алимұхаммед, дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы (мұғалімі – Ж.К. Сансызбаев) және Титков Дмитрий, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 10 сынып оқушысы (мұғалімі – Б.Ж. Каирбаева) ие болды.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша
білім беру оқу-әдістемелік орталығы