Маңғыстау облысының білім басқармасы 2025 жылғы 20-21 мамыр күндері жазушы Әбіш Кекілбаевтің шығармашылығына арналған республикалық конкурс өткізді.

Байқау төрт бағыт бойынша өтті: Ә. Кекілбаевтің шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу; «Құс қанаты» және «Ең бақытты күн» әңгімелеріне иллюстрация салу; жазушының шығармашылығы бойынша зерделеу жоба жазу; бір шығармасына сахналық қойылым көрсету.

Павлодар облысынан республикалық додаға өңірлік байқаудың жеңімпаздары қатысты: дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 10-сынып оқушысы Болатбек Арайлым; Павлодар қаласы Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 9-сынып оқушылары Молдағали Ибраһим, Хамитова Амина; Екібастұз қаласы №4 ЖОББМ 8-9 сынып оқушылары Асқар Аружан, Сағындық Ғали, Сандат Саяна, Маратбек Айтуар, Тұрсынбай Шыңғысхан.

Республикалық шара қорытындысында «Ә. Кекілбаевтің «Тырау – тырау тырналар», «Есболай» шығармаларына иллюстрациялық сурет салу» бағытында Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы Молдағали Ибраһим I дәрежелі дипломмен марапатталды. «Мәнерлеп оқу» бағытында Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы Хамитова Амина ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. «Жазушының шығармаларынан сахналық қойылымда Екібастұз қаласы №4 ЖОББМ 8-9 сынып оқушылары Асқар Аружан, Сағындық Ғали, Сандат Саяна, Маратбек Айтуар, Тұрсынбай Шыңғысхан IІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Барлық жүлдегерлерге «Меломан» дүкендер жүйесінің  ақшалай сыйлықтары табысталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы