«Ертіс дарыны» өнірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 21 сәуір күні «Жас кемеңгер» облыстық сырттай оқу мектебінің рейтинг олимпиадасын 8 пән бойынша (ағылшын тілі, биология, география, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, математика, физика, химия) өткізді.
Олимпиаданың мақсаты: ауылдық жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасынан ғылым негіздеріне ерекше бейімділігі бар дарынды балаларды айқындау; оқушылардың республикалық, облыстық олимпиадаларына қатысу нәтижелілігін арттыру; күрделілік деңгейі жоғары тапсырмаларды өздігінен орындау арқылы ауыл оқушыларының коммуникативтік біліктерін дамыту; оқушыларды мектеп пәндерін қызығушылықпен тереңдетіп оқуға ынталандыру.
Олимпиадаға «Жас кемеңгер» мектебінің екі тур тапсырмаларын сәтті орындаған Павлодар облысының ауыл мектептерінің 5-7 сынып оқушылары арасынан 374 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша 152 қатысушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды, оның ішінде І-ші орын – 25, ІІ-ші орын – 36, ІІІ-ші орын – 91 оқушы.

Хаттама

«Ертіс дарыны» өнірлік қосымша
білім беру оқу-әдістемелік орталығы