Өтетін уақыты: 2025 жылғы 27-29 мамыр күндері.
Өтетін орны: Павлодар қаласының № 35 жалпы орта білім беру мектебі.
Ұйымдастырушылар: Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.
Олимпиада математикалық, жаратылыстану-ғылыми және бағдарламалау бойынша 3 бағыт және математика, физика, биология, химия, география, информатика пәндерінен пәнаралық кешенді болып табылады.
Олимпиада мақсаты – оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалау бойынша олимпиадалық резерв құру.
Олимпиадаға Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы, қалаларынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Павлодар облысының білім беру мекемелерінен 7 және 8 сынып оқушылары қатысады. Қатысушылардың жалпы саны — 104.
Олимпиада екі күн бойы 2 турда өткізіледі:
І тур – 3 бағыттың бірін таңдау бойынша жеке жазбаша түрде:
— математикалық (математика, физика, химия пәндерінен кіріктірілген тапсырмалар);
— жаратылыстану-ғылыми (химия, биология, география пәндерінен кіріктірілген тапсырмалар);
— бағдарламалау (тілдердің бірінде есептерді шешу: Pascal, С++, Python).
ІІ тур – жазбаша және ауызша түрде (теория және практика) 6 пәннің бірі таңдау бойынша, математика, физика, химия, биология, география — ауызша, информатика — жазбаша. 2-турдың практикалық тапсырмаларының шешімдері қазылар алқасының мүшелеріне ауызша тапсырылады.
Олимпиаданың қорытындылары екі турдың нәтижелері бойынша шығарылады.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.
Олимпиада барысында қатысушылар үшін Ертіс өзенінің жағалауына палеонтологиялық табиғи «Гусиный перелет» ескерткішіне қызықты экскурсия ұйымдастырылады және волейболдан турнир өткізіледі.
Қосымша ақпарат: «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО, тел. 87074982294