«Ел үміті» қоры бастамасы аясында Қазақстанның ауыл мектептерінде білім алып жатқан 6-сынып оқушыларына «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы өткізілді.

«Мың бала» олимпиадасының мақсаты – Қазақстан Республикасының ауылдық мектептердегі талантты оқушылардың қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдай жасау.

Олимпиадаға қатысу үшін оқушыларға 2025 жылғы 10 ақпан мен 10 наурыз аралығында онлайн-платформада тіркелу қажет болды.
Облыс бойынша барлығы 1677 қатысушы тіркелді.

Олимпиада 2 кезеңде өтті. Олимпиаданың бірінші кезеңі 2025 жылғы 1 сәуірде онлайн форматта арнайы әзірленген  платформада өткізілді. Бірінші кезеңде қатысушылар логикалық және кеңістіктік ойлау бойынша кешенді тестілеуден өтті. Тестілеу нәтижесі бойынша олимпиаданың ІІ кезеңіне 126 қатысушы өтті.

Павлодар облысында 2025 жылғы 30 сәуірде ІІ кезең онлайн режимінде өткізілді. Екінші кезеңде балалар компьютерлік тестілеуден өтті, оған келесі бөлімдер бойынша оқушылардың академиялық білімін  бағалау кірді: «Математикалық сауаттылық»; «Қазақ тілі» қазақ тілінде білім алатын оқушылар үшін; «Орыс тілі» орыс тілінде білім алатын оқушылар үшін; «Ағылшын тілі»; «Жаратылыстану».

  «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының қорытындысы бойынша Павлодар облысының 31 қатысушысы жеңімпаз атанды. Ереже сәйкес  олимпиада жеңімпаздарына Қазақстан Республикасының дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқуға басым құқығы беріледі.

Олимпиаданың 17 жеңімпазы дарынды балаларға арналған  мамандандырылған мектептеріне қабылданды: дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты — 2; дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты — 4; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты —5; Екібастұз қаласының облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған  көптілді лицей-интернаты —1; «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейі – 1; дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия – 3; Өскемен қаласындағы ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицейі — 1.

 Қорытынды кезеңінің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.

Жеңімпаздар тізімі

 

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО