Алматы облысы білім басқармасының «Жас дарын» оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 11-12 маусым аралығында Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында республикалық «Мұқағали Мақатаев оқуларын» өткізді.

Байқау үш бағыт бойынша өтті: «Айтып өткен ақында арман бар ма?» (ақын өлеңдерін жатқа оқу), «Жыр эстафетасы» («Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек», «Алтай – Атырау» поэмаларын мәнерлеп жатқа оқу), «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» (жас ақындар).

Павлодар облысынан республикалық додаға өңірлік байқаудың жеңімпаздары қатысты: Шарбақты ауданы Есілбай ЖОББМ 8-сынып оқушысы Махамбет Алинұр; Екібастұз қаласы Байет ЖОББМ 9-сынып оқушысы Әсетай Бейбарыс; Аксу қ. Ы. Алтынсарин атындағы қазақ ОМ 7-сынып оқушысы Сетерғазыұлы Ақтілек.

Республикалық байқау қорытындысы бойынша Махамбет Алинұр Мұқағали Мақатаев атындағы Халықаралық қоғамдық Қордың дипломымен марапатталды.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы