Қазақ диаспорасының дарынды балаларын анықтау және әлеуметтік-құқықтық қорғау, оларды тілге, әдебиетке, тарихқа ынталандыру және қазақ халқының мәдениетіне деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025 жылғы 23-26 маусым аралығында Павлодар қаласында қазақ диаспорасының балаларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиеттім – ана тілім» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ХХІІ Халықаралық олимпиаданы (бұдан әрі — Олимпиада) өткізеді.
Олимпиадаға Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Ресей Федерациясынан (Самара және Омбы облыстары), Өзбекстан Республикасынан (Ташкент және Науаи облыстары), сондай-ақ Түрікменстан Республикасынан жалпы саны 60-тан астам оқушы келіп қатыспақ.
Ережеге сәйкес, қатысушы елдердің әрбір командасы 14-18 жас аралығындағы 8 оқушыдан және 2 жетекшіден тұруы тиіс.
Олимпиада 3 тур бойынша өтеді:
• Эссе жазу (тақырыптар беріледі).
• «Тарихи таным» зерттеу жұмыстарын қорғау (4 бағыт бойынша).
• «Өз ұлтымды сүйемін» тақырыбында шығармашылық таныстырылым (үй тапсырмасы: поэтикалық, музыкалық, театрлық, сахналық көріністермен таныстыру).
Олимпиада қатысушыларына қаланың көрікті жерлеріне саяхат пен мұражайларға экскурсия ұйымдастырылады.
Олимпиаданы өткізу ережелеріне сәйкес, жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ алтын, күміс және қола медальдарымен марапатталады. Ерекше жетістікке қол жеткізген қатысушыларға «Дарын» РҒПО-ның грамоталары мен бағалы сыйлықтары беріледі, ал ең үздіктерге ҚР беделді ЖОО-ның ректорлық білім гранттары табысталатын болады.
Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 2025 жылғы 24 маусымда сағат 09.30-да «М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы» ғимаратында өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсімі 2025 жылғы 26 маусымда сағат 12.00-де «М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы» ғимаратының мәжіліс залында өтеді.

Қосымша ақпаратты төмендегі мекенжай бойынша алуға болады:
«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы
Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8/2, «Алтын орда» БО, тел.: +7 (7172) 57-65-63
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы
Павлодар қ., Мәшһүр Жүсіп көш., 189, тел.:+7 707 2915 125