Өтетін орны: Павлодар қаласы №35 жалпы орта білім беру мектебі (Ш. Айманов көшесі, 37).
Өткізілетін уақыты: 2025 жылғы 23-26 маусым, сағат 9.00-де.
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «GETTOIJSO» бастамашыл тобымен бірлесіп 2024-2025 оқу жылғы жұмыс жоспарына сәйкес «Kazakhstan Junior Science Olympiad» олимпиадасын өткізеді.
Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері: Қазақстан Республикасы орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында жаратылыстану және физика-математика ғылымдары мен олимпиадалық қозғалысты дәріптеу, ең талантты және дайындалған оқушыларды анықтау, Қазақстан құрамасының IJSO-да өнер көрсету нәтижелерін жақсарту.
Олимпиада үш тур бойынша химия, биология және физика пәндерінен өткізіледі:
• І тур – 23 маусым;
• ІІ тур – 24 маусым;
• ІІІ тур – 25 маусым;
• Апелляция, марапаттау рәсімі – 26 маусым.
Олимпиадаға республикамыздың 9 аймағынан 30 оқушы қатысады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және ақшалай сыйақымен марапатталады.
Қосымша ақпаратты 87074982294 телефон арқылы алуға болады (Абаильдинова Жулдуз Кадыровна).