Павлодар қаласында 2025 жылғы 23-26 маусым аралығында химия, биология, физика пәндері бойынша «KAZAKHSTAN JUNIOR SCIENCE OLYMPIAD» (KJSO) олимпиадасы өткізілді.
Олимпиада ұйымдастырушысы «GETTOIJSO» бастамашыл тобы Павлодар облысының білім басқармасы, «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен.
Қазақстан Республикасы орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында жаратылыстану және физика-математика ғылымдары мен олимпиадалық қозғалысты дәріптеу, ең талантты және дайындалған оқушыларды анықтау, Қазақстан құрамасының IJSO-да өнер көрсету нәтижелерін жақсарту.
Олимпиада үш тур бойынша химия, биология және физика пәндерінен өткізілді:
- І тур – тестілік;
- ІІ тур – теориялық;
- ІІІ тур – эксперименттік.
Олимпиадаға республикамыздың 9 аймағынан (Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда), Астана, Алматы қалаларынан, «IQanat», Алматы қаласының республикалық физико-математикалық, Назарбаев Зияткерлік мектептерінен 16 жастан аспаған 29 оқушы қатысты.
Олимпиада демеушісі Евгений Фоменко, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің, Санкт-Петербург мемлекеттік қаржы университетінің түлегі, халықаралық ІТ-жобалардың тең негізін қалаушысының бірі.
Үш тур нәтижелері бойынша шығарылған олимпиада қорытындысында 9 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, І дәрежелі дипломдарымен — 3, ІІ дәрежелі дипломдарымен – 3, ІІІ дәрежелі дипломдарымен – 3 және Құрмет грамотасымен – 1 қатысушы марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйақы табысталды.
Олимпиада күндері қатысушыларға TedX конференция, «Altyn Saqa» орталығында тимбилдинг, Евгений Фоменкомен қаржы ойындар, ашық аспан астында фильм ұйымдастырылды.
«KAZAKHSTAN JUNIOR SCIENCE OLYMPIAD» олимпиадасының
жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі
№ | Қатысушының аты-жөні | Облыс/ қала | Мектеп | Орын |
1 | Кутырев Ратмир | Алматы қ. | РФММ | І |
2 | Марат Ерасыл | Алматы қ. | Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты | І |
3 | Перепелица Даниил | Павлодар | Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі | І |
4 | Асылхан Алижан | Алматы қ. | РФММ | ІІ |
5 | Чевиккан Ремзиявуз | Алматы қ. | Шоқан Уәлиханов ат. жеке меншік мектебі | ІІ |
6 | Сагидолда Камила | Шығыс Қазақстан | НЗМ Өскемен қаласы | ІІ |
7 | Курганов Мансур | Астана | Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты | ІІІ |
8 | Жусупов Карим | Павлодар қаласы | НЗМ | ІІІ |
9 | Уткин Николай | Павлодар | Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі | ІІІ |
10 | Романенко Степан | Павлодар | Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі | ПГ |
11 | Ерланқызы Нұрдана | Ақмола | IT BIL Бурабай | |
12 | Ербол Лейла | Ақмола | IT BIL Бурабай | |
13 | Жолтай Динмухаммед | Ақмола | IQanat Highschool of Burabay | |
14 | Латиф Дамир | Ақтөбе | Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты | |
15 | Сатов Роман | Алматы қ. | РФММ | |
16 | Санжар Жапарбек | Алматы қ. | Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты | |
17 | Солодкая Элина | Алматы қ. | РФММ | |
18 | Жумагалиева Асия | Алматы қ. | РФММ | |
19 | Аманбай Расул | Алматы қ. | НЗМ ФМБ | |
20 | Даулетұлы Турар | Алматы қ. | РФММ | |
21 | Амантай Әлихан | Алматы қ. | РФММ | |
22 | Кадылбеков Ринат | Шығыс Қазақстан | Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты Өскемен қаласы | |
23 | Бакир Алия | Қарағанды қ. | НЗМ | |
24 | Исмаил Шарапат | Қызылорда қ. | НЗМ | |
25 | Еркебулан Аружан | Павлодар қаласы | НЗМ | |
26 | Қабдыр Ардақ | Павлодар қаласы | НЗМ | |
27 | Инсебаева Фатима | Павлодар | Дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты | |
28 | Катунина Елизавета | Павлодар | Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі | |
29 | Кәрімжан Данияр | Павлодар | «Жас Дарын» мектеп-лицейі |
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы