М. А. Алексеев атындағы «Туймаада» халықаралық оқушылар олимпиадасы биыл 2-10 шілде аралығында өтті. Оған Ресей, Қазақстан, Сингапур, Румыния және Индонезияның түрлі аймақтарынан 215 оқушы қатысты.
Олимпиаданың 2 турының қорытындысы бойынша химиядан күміс медальді Кравчук Ярослава (мұғалімі – Колдашева Оксана Владимировна) дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы жеңіп алды.


