2025-2026 оку жылына арналган экологиялык тәрбие жөніндегі шаралар жоспары шеңберінде Павлодар облысы білім беру баскармасының «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ы облыстық «Ертіс» телеарнасымен бірлесіп 8-10 сынып оқушылары арасында «Жас экорепортер» облыстық экологиялық байқауын өткізеді.

Байқаудың негізгі мақсаты: оқушылардың табиғатка қатысты экологиялық дүниетанымын қалыптастыру, қоршаған ортаның сапасын жақсартатын экологиялык іс-шараларды өткізудің маңыздылығын тусінуіне ықпал ету, Павлодар өңіріндегі экологиялық проблемаларға назар аудару болып табылады.

Байқау екі кезең бойынша өткізіледі:

1) аудандық, қалалық кезең;

2) облыстық кезең.

Конкурсты ұйымдастыру жэне өткізу ережелері «Ертіс дарыны» ОҚББОӘО-ы сайтында www.ertisdaryn.kz орналастырылған.

Мамандандырылған мектептер, аудандық және қалалық білім бөлімдері 3 үздік жұмысты іріктеп (8 сынып -1, 9 сынып-1, 10 сынып-1) облыстық кезеңге қатысу үшін жіберіледі. Өтінімді Microsoft Excel форматында және басшының қолы қойылған сканерленген нұсқа 2025 жылғы 29 кыркүйекке дейін ertis_daryn_pvl@mail.kz поштасына, келесі үлгі бойынша жіберулеріңізді сұраймыз:

Қатысушының толық  аты- жөні Қала/аудан Мектеп Сынып Тақырыбы Мұғалімнің аты-жөні Әлеуметтік статусы
               

 

Өтетін орны туралы ақпаратты қосымша хабарлаймыз.