«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО 2025-2026 оқу жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 2-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңі қазан айында өтетінін хабарлайды (бұдан әрі – Конкурс).

Ережеде көрсетілген ұйымдастыру ретіне сәйкес Конкурс келесі кезеңдер бойынша өткізіледі:

            Бірінші кезең – мектепшілік, білім беру ұйымдарында өткізіледі;

Екінші кезең –аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері өткізеді;

Үшінші кезең – облыстық, «Ертіс дарыны» аймақтық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы өткізеді;

Төртінші кезең – республикалық, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізеді.

Конкурстың облыстық іріктеу (экспертиза) кезеңіне қалалық/аудандық кезең жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің жобалары келесі 12 секция бойынша қабылданады: 1 – қазақ тілі мен әдебиеті; 2 – орыс тілі мен әдебиеті; 3 – ағылшын тілі; 4 – математика, қолданбалы математика; 5 – физика, космос; 6 – туризм және спорт; 7 – тарих, өлкетану;  8 – этномәдениеттану; 9 – химия, биология; 10 – медицина, психология, экология; 11 – информатика, робототехника SТEM инженерия; 12 – технология және өнер  (2-4 және 5-7 сыныптарында – әр секция бойынша ең үздік (І орын иегерлері) жұмыстарды жіберу қажет). Квотаға сәйкес 24 жұмыстан аспау керек.

            Конкурстың облыстық іріктеу (экспертиза) кезеңіне тіркелу үшін басшының қолымен расталған сұраныстың сканерленген нұсқасы және электрондық тізім бойынша  Microsoft Excel форматында, аудандық/қалалық кезеңінің қорытындысы жайлы көрсетілген форма бойынша есептерін (1-қосымша) электронды нұсқасын (екі тілде) ertis_daryn_pvl@mail.ru поштасына және қағаз түрінде «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-на 2025 жылғы 26 қыркүйекке дейін жіберу қажет. Өткізілетін күні туралы ақпарат қосымша беріледі.