Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығын алуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

— І кезең (аудандық, қалалық) 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін;

— ІІ кезең (облыстық) 26 қыркүйекке дейін.

Конкурстың облыстық кезеңіне қатысуға үміткерлердің тізімін және қатысушылардың материалдарын (портфолиосын) көрсете отырып, сараптамалық (жұмыс) топтар отырысының шешімі Павлодар қаласы, М.Жүсіп көшесі, 189, №306 кабинет (3 қабат), мекен-жайы бойынша «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-на ұсынылсын. Ереже Қосымша берілген.

Қосымша ақпаратты (7182) 65-65-12 телефоны арқылы алуға болады.

Ережесі