«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 16 қыркүйекте Павлодар қаласы №35 жалпы орта білім беру мектебінде ауылдық жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушыларына арналған VІ облыстық гуманитарлық олимпиадасы өткізілді.
Олимпиаданың басты мақсаты – ұлттың рухани дамуы мен қоғамның рухани әлеуетінің көрсеткіші болатын оқырман мәдениетін дамыту; оқушылардың өз халқының тарихы мен туған әдебиетіне танымдық қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін іске асыруға жағдай жасау.
Олимпиадаға ауылдық жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілді (ұлты қазақ) және қазақ тілді емес (өзге ұлт) 9-11 сынып оқушылары қатысты.
Олимпиада үш айналым бойынша өткізілді.
І-айналым: алдын ала оқуға ұсынылған көркем шығармалар негізінде дайындалған үш тақырыптың біреуіне эссе жазу; ІІ-айналым: кіріктірілген 25 тест сұрақтарына жауап беру; ІІІ-айналым: шығармалар бойынша тапсырмалар орындау (шығармадан алынған үзіндіні жалғастырып, тақырыбы мен идеясына қатысты өз пайымын жазу; шығармадағы өзекті мәселелерге сыни көзқараспен талдау жасау; шығармадан алынған сөйлемге кешенді талдау жасау) .
Жазғы демалыс кезінде оқушыларға келесі шығармалар үсынылған:
9-сынып – Б. Момышұлы «Ұшқан ұя» повесі (толық); Қ. Мырза Әли
«Қызыл кітап» поэмасы (толық);
10-сынып – М. Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романы (толық), «Алашқа»,
«Елім-ай», «Қиял», «Шәкірт» өлеңдері;
11-сынып – А. Құнанбайұлы «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі»
поэмалары (толық).
Оқушылар берілген шығармаларды оқып, оларға және онда бейнеленген тарих кезеңіне арналған ғылыми әдебиетпен танысу қажет болды.
Шараға 43 оқушы қатысты, оның ішінде 34 – мемлекеттік тілде оқытылатын мектептерден, 9 – орыс тілінде оқытылатын мектептерден.
Сайыс қорытындысында 22 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, облыс білім беру басқармасының дипломдарымен және құрмет грамоталарымен марапатталды: І дәрежелі дипломмен – 3, ІІ дәрежелі дипломмен – 6, ІІІ дәрежелі дипломмен – 7, Құрмет Грамотасымен — 6
9 сынып арасында:
І дәрежелі дипломға – Аққулы ауданы Жаңатан негізгі жалпы білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Қадрбай Наргиз (мұғалімі Айтуганова С. Т.) ие болды.
ІІ дәрежелі диплом иегерлері: Екібастұз қаласы Байет жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Шалабай Роза (мұғалімі Самиш Манаргул); Павлодар қаласы № 38 жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Төлөген Күміс (мұғалімі Мурунбаева Г. И.);
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері: Ақсу қаласы Жамбыл орта мектебінің 9-сынып оқушысы Ахман Айдана (мұғалімдері Атаханова Т. Б., Самархан Е.), Май ауданы Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Ахлбек Нұрай (мұғалімі Өкеш Маржан) ;
Құрмет грамоталарымен марапатталды: Павлодар ауданы № 1 Чернорецк жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Төлеухан Еркежан (мұғалімі Бисекеева Г.С.), Успен ауданы Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Кәмелбек Қарақат (мұғалімі Ержанова Г. Б.).
10 сынып арасында:
І дәрежелі дипломға – Ақсу қаласы М. Қабылбеков атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Аманкелд Алтанхан (мұғалімі Капарова Г. М.) ие болды.
ІІ дәрежелі диплом иегерлері: Павлодар қаласы Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Жаншаева Ажар (мұғалімі Апсаликова А. М.), Железин ауданы Жаңа жұлдыз ауылының жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Төрехан Айзат (мұғалімі Әленова Г. Б.)
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері: Ақтоғай ауданы М.Қайырбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Билялова Дильназ (мұғалімі Файзрахман Е. Р.), Тереңкөл ауданы Қызылтаң жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Бақыт Жанбота (мұғалімі Абишева А. А.), Екібастұз қаласы Ақкөл жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Мақсұт Құралай (мұғалімі Бозгоева А. А.).
Құрмет грамоталарымен марапатталды: Аққулы ауданы Жамбыл жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Блялова Асель (мұғалімі Елтаева А. С.), Май ауданы Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Мұрат Инабат (мұғалімі Иманбаева З. Ж.)
11 сынып арасында:
І дәрежелі дипломға – Май ауданы Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің
11-сынып оқушысы Үйренқызы Айнұр (мұғалімі Андасова А. Қ.) ие болды.
ІІ дәрежелі диплом иегерлері: Тереңкөл ауданы Қ. Оспанова атындағы № 3 жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Арыстанбекова Гүлсана (мұғалімі Мухаметкалиева С. К.), Баянауыл ауданы М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Тілегенқызы Фатима (мұғалімі Шокаева А. А.)
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері: Аққулы ауданы С. Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Иманкулова Анель (мұғалімдері Шуганов Ж. Б., Айгожин Қ. С.), Павлодар қаласы № 38 жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Хунафияқызы Айдана (мұғалімі Мурунбаева Г. И.), Ақтоғай ауданы Шолақсор жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Мұхаметжан Данара (мұғалімі Байбахин А. К.)
Құрмет грамоталарымен марапатталды: Баянауыл ауданы №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Цугурова Нелли (мұғалімі Окапова А. М.).


«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО
шығармашылық даму және
қосымша білім беру формалары бөлімі

