«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Торайғыров университетімен бірлесіп облыстық көптілділік олимпиадасын өткізетінін хабарлайды. Олимпиада 2025 жылғы 5 қараша күні сағат 10.00-де Торайғыров университеті базасында (Ломов көшесі, 64) өтеді.
Олимпиада 2 кезеңнен турады:
1 – іріктеу кезеңі (аудан/ қала) білім беру ұйымдарында өткізіледі.
2 – облыстық кезең.
Ережеге сәйкес Олимпиадаға қатысушылар тапсырмаларды 3 тілде орындайды: қазақ (міндетті), орыс (міндетті) және ағылшын, француз, неміс, қытай (таңдау бойынша). Олимпиадаға 9, 10, 11 сынып оқушылары шақырылады.
Қатысу үшін өтінім квотаға сәйкес беріледі: 3 оқушы (9–сынып-1, 10-сынып -1, 11-сынып -1).
Олимпиада қатысушыларын тіркеу сағат 9.00-9.30-ға дейін жүргізіледі.

