Бүгін, 2025 жылғы 24 қыркүйекте, ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың I (мектепшілік) кезеңі басталды. Олимпиадаға қатысу үшін оқушылар 2025 жылғы 9-15 қыркүйек аралығында smart.daryn.kz сайтында тіркелді. Павлодар облысы бойынша олимпиадаға қатысу үшін 9-11 сыныптардың 2 157 оқушысы тіркелді.
Ережеге сәйкес ауыл оқушыларына арналған олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 13 пән бойынша төрт кезеңде өтеді: І кезең (мектепшілік) — қыркүйек 2025 жыл; ІІ кезең (аудандық) — 2025 жылғы қазан; ІІІ кезең (облыстық) — 2025 жылғы қараша; IV кезең (республикалық) — 2025 жылғы желтоқсан.



